Қырғызстандық Шу өзеніне батып кеткен бала іздестіріліп жатыр

0
1 053

11 сәуір күні Қырғыз Республикасы Шу облысының аумағында өзенге құлап кеткен.


Қырғызстандық Шу өзеніне батып кеткен бала іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы Шу өзеніне батып кеткен баланы іздеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«16 сәуір күні 10:30-да Қордай ауданының Қырғыз Республикасымен шектескен аумағындағы Шу өзенінде ТЖД «ЖҚЖ» ММ күштері 5 жасар баланы іздеді. Ол 11 сәуір күні Қырғыз Республикасы Шу облысының аумағында өзенге құлап кеткен», - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарлауынша, бала - Қырғыз Республикасының азаматы. Оны Қазақстан аумағында іздеуге Жамбыл облыстық ТЖД-нің 4 қызметкері, бір техника және жүзу құралы жұмылдырылған.

«Іздеуден әлі нәтиже шыққан жоқ, жұмыстар 17 сәуір күні де жалғасты», - делінген хабарламада.