Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Қазақстанды Келісім кубогын өткізуге шақырды

0
213

Төреші басқа елден болады.


Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Қазақстанды Келісім кубогын өткізуге шақырды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Қазақстан тарапына Келісім кубогын 1 қарашада Ыстықкөл жағасында өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлады Көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісәлиев баспасөз мәслихатында. Ол Қазақстанның көкпар федерациясына шақыру хат жолданғанын атап өтті, деп жазады sputnik.kz.

"Біз сол құраммен көкбөрі мен көкпарды 1 қарашада ойнауды ұсынамыз. Бұл ойын екі халықтың арасындағы алауыздыққа себеп болмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициядан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады", - деді Жүнісәлиев.
Бұған дейін Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар финалы жанжалмен аяқталған болатын.