Олар елге 28 мамырда оралуы керек.
ERNUR.KZ. Қырымға кеткен оқушылар үшін министрлік мектепке қатаң ескерту берген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төарайымы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қырымға кеткен оқушылардың ата-аналары білім басқармасына, комитетке ескертпей, аталған өңірге барған. Комитет ол оқушылармен күнде байланыста отыр. Олар 28 мамырда елге оралуы керек. Олардың эмоционалдық жағдайы мен көңіл-күйіне ештеңе әсер етіп отырған жоқ. Себебі, олардың жанында ата-аналары бар. Оларды біліммен қамтуға келетін болсақ, олар бекітілген кесте бойынша тапсырады. Біз өзіміздің балаларымызды ол жаққа жібермейтін едік. Ол жақтағы жағдай тұрақсыз. Олар оралған соң ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», - деді ол.
Өз кезегінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық байқауларға ата-аналардың балаларын қатыстыруына шектеу жоқ екенін айтты.
«Бірақ бүгінгі ерекше жағдайға байланысты біздің мамандар ерекше шешім қабылдады. Келесі оқу жылынан бастап арнайы ұлттық тәрбие жоспарын қабылданады. Бұдан былай барлық тәрбие жұмысы ұйымдастырылып, сол жоспарға енгізіледі. Осындай келеңсіз жағдайларға жол бермеу үшін облыстық білім басқармасы мен комитетпен ақылдасу тапсырма ретінде берәлді. Бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Бұл жағдайға байланысты облыстық білім басқармасы тарапынан бұл мектептерге қатаң ескертулер берілді», - деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық оқушылары Қырымның оңтүстік жағалауындағы «Артек» лагеріне 24 күнге жіберілетіні белгілі болған. Бұл ақпаратты Астана қаласындағы «Астанадағы орыс үйі» жариялаған еді. Фотода «Республикалық физика-математика мектебінің» (РФММ) мұғалімі Лаура Ілиясова бар. Әлеуметтік желіде бұл оқиғаны қатаң сынап, министрліктен түсініктеме талап еткендер көп болған.