Қытай Қазақстанмен шекараны жабады

0
1 874

"Нұр жолы", "Қалжат" өткізу пунктері жабылады.


Қытай Қазақстанмен шекараны жабады

ERNUR.KZ. Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін уақытша жауып тастайды, деп жазады sputniknews.kz.

Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты көрші ел Қазақстанмен шекараны уақытша жабады.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай тарапынан 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін шекара жабық болады. Қалған "Нұр жолы", "Қалжат" өткізу пунктері 24 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында, үш күнге жабылады", - дейді ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Басқа өткізу пунктері бойынша Қытай тарапы әлі ақпарат бермеген. Биыл Қытайдың Жаңа жылы 25 қаңтарда аталып өтеді.

Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының нақты күні жоқ, сондықтан әр жылда әртүрлі күндері тойланады. Қытайлар Жаңа жылды айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады. Бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге созылады.