Қытай Қазақстаннан келетін жүк пойыздарын тексеру шарасын қатаңдатты

0
624

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 23 қарашадан бастап Достық-Алашаңқай түйіспесі арқылы жүк тиеуді тоқтатады.


Қытай Қазақстаннан келетін жүк пойыздарын тексеру шарасын қатаңдатты

ERNUR.KZ. Қытай Халық Республикасы тарапы шекаралық станцияларда бақылауды қатаңдатқандықтан, «Қазақстан Теміржолы» тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қарашаның 23-інен бастап 30 қарашаға дейін Достық-Алашаңқай түйіспесі арқылы ҚХР бағытына жұмыркесек үшін жартылай вагондар мен контейнерлерден, биг-бэгтердегі жүктерден өзге жүктерді тиеуге тыйым салу шараларын қабылдады. Биылғы 24 қарашадан 4 желтоқсанға дейін жүк контейнерлерінен өзге транзиттік жүктерді тасымалдауға тыйым салынады», - делінген хабарламада.

Бұған Синьзянь-Ұйғыр автономиялық ауданының (ҚХР) мемлекеттік комиссиясының COVID-19 таралуын болдырмау үшін қытайлық тараптың жүктерді қабылдау және қайта тиеу кезінде бақылау шараларын қатаңдатуы себепші болған.

Комиссия шешімімен бақылаушы органдар әрбір вагондағы жүктердің сынамасын алу рәсімні, міндетті түрде контейнерлерді зарарсыздандыру мен өңдеу шараларын енгізді. Қаптардағы өлшенген астықты қабылдауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда, өйткені қазіргі кезде әрбір вагон ғана емес, сонымен қатар, әрбір қап тексерілуде.

«Күнделікті коронавирусқа ПТР-тестен өту қажеттігіне байланысты жүктерді қайта тиеуде жүктеушілер саны кеміп кетті. Себебі, Қазақстаннан келген пойыздарды шекаралық бақылаудан өткізу уақыты артты. Соның салдарынан жүктерді кең табанды вагондардан тар табанды вагондарға уақытылы қайта тиеу жұмыстары жүргізілмей қалды. 15 қарашадан бастап Қазақстаннан келетін пойыздарды қабылдау тәртібі тәулігіне 15-16 пойыздан 10-11 пойызға дейін қысқарды», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша ҚХР бағытына тиелген вагондар (10 мың вагоннан астам) саны артса, 6,5 мың вагонның қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Жағдай өзгерген кезде қабылданған шаралар алынып тасталады.