Қытай төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

0
945

18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді.


Қытай төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады

Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтыруына байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясы өрши бастаған сәттен Қытай мен Қазақстан эпидемияға қарсы жемісті ынтымақтастық жүргізіп келеді. Бұл Қытай-Қазақстан қатынастарының мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейі мен ерекше сипатын көрсетіп отыр. Сондай-ақ халықаралық қауымдастық үшін пандемияға қарсы бірлесіп әрекет етудің жарқын үлгісіне айналды. Эпидемияны жеңетінімізге кәміл сенімдімін. Ал екіжақты қатынас бұдан да нәтижелі дами түседі деген ойдамын. Мен Сізбен қалыптасқан жақын достық қарым-қатынасты ерекше бағалаймын және шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, бейсенбі, 18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Десе де, ол "алаңдауға негіз жоқ" екеніне сендірді.

Айтуынша, тұңғыш президент өзін оқшаулады, қашықтан жұмыс істеуге көшкен.