Қытайдағы қазақстандық бизнес-миссияға өтініштер қабылдануда

0
1 205

2018 жылғы қазанның 19-ы мен 21-і аралығына жоспарланған сауда-экономикалық миссия өтеді


Қытайдағы қазақстандық бизнес-миссияға өтініштер қабылдануда

ERNUR.KZ. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық компанияларды Сиань қаласына (Қытай) 2018 жылғы қазанның 19-ы мен 21-і аралығына жоспарланған сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады, деп жазады Елорда Инфо.

Миссияны өткізу географиясы экспортты ілгерілету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде компаниялар мен кәсіпкерлерден жиналған өтінімдер негізінде айқындалды.

Шараны өткізудегі негізгі мақсат – қазақстандық кәсіпорындар үшін тікелей байланыс орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында сауда қатынасын жандандыру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мынадай шығындарды төлейді:

- жабдықталған конференц-залды жалдау (сондай-ақ сауда миссияларын өткізу күнінде кофе-брейк және түстік ас ұйымдастырылатын болады);

- қазақстандық қатысушылардың тұруы (компаниядан бір өкілден артық емес және тек сауда миссияларының ресми өткізілу мерзімінде);

- қазақстандық қатысушылардың орналасу елінде трансфері.

Басқа шығындарды (ұшып өту, виза үшін консульдық алымдар, тәуліктік және т.б.) сауда миссиясына қатысушылардың өздері төлейді.

Сауда-экономикалық миссияға қатысуға арналған өтінімдер осы жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.