Қытайдан қазақстандықтарды эвакуациялауға тағы екі рейс жіберіледі

0
802

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі ҚХР-дағы азаматтардың жақын күндері эвакуацияланатынын хабарлады.


Қытайдан қазақстандықтарды эвакуациялауға тағы екі рейс жіберіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі коронавирустың кең таралауына байланысты Бейжің және Шанхай қаласынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін қосымша рейс ұйымдастыру мәселесін талқылап жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Мәлімдемеге сүйенсек, Қазақстан өз азаматтарын мемлекет қаржысына алып келеді.
"Елшіліктің ресми сайты мен «WeChat» парақшасында жарияланған ақпарат пен хабарламаларды қадағалап отыруға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, азаматтарды аурудың алдын алуға бағытталған қажетті шараларды сақтауға шақырды.
"Ұшу мерзімдері, уақыты және басқа да әуе рейсіне қатысты ақпарат өтініштеріңізде көрсетілген нөмірлерге қосымша жолданады", - деді Қазақстанның Қытайдағы елшілігі.
Қазақстан 80 студентті елге қайтарды
Қазақстан эпидемия ошағы Уханьнан 83 қазақстандықты, соның ішінде 80 студентті эвакуациялады. Сонымен қатар, 24 шетелдік – Қырғызстанның 18 азаматы, Беларусьтің бес азаматы және Арменияның бір азаматын Қазақстанға жеткізді.
Қырғызстандықтар арнайы бортпен Бішкекке жіберілді. Елге жеткізілген қазақстандықтар он төрт күндік карантинге алынды.