Қытайдан ұшып келген қыз Нұр-Сұлтан ауруханасына жатқызылды

0
838

2003 жылғы қыз бала ауруханаға жатқызылды.


Қытайдан ұшып келген қыз Нұр-Сұлтан ауруханасына жатқызылды

ERNUR.KZ. Қазақстандық 2003 жылғы қыз бала Қытайдан оралғаннан кейін Нұр-Сұлтан ауруханасына дене қызуы көтерілуіне байланысты жатқызылды, - деп жазады tengrinews.kz.

"Бүгін Бейжіңнен ұшақ қонды. 2003 жылғы қыз бала ауруханаға жатқызылды. Бүгін таңертең болған жағдай, балалар жұқпалы ауру ауруханасына жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ. Қыз баланы толық тексеру үшін, біз тұмау белгілеріне тексереміз. Оның дене қызуы 37,4 болды, тамағы жыбырлауы анықталған. Бәлкім жай ғана ЖРВИ болуы мүмкін", - деді елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова әкімдіктегі баспасөз конференциясында.

Қыз баланың тек Бейжіңде болғаны айтылады, ол қала аумағынан шықпаған. Қыз маусымдық және маусымдық емес ауруларға тексеріліп жатыр. Күн батқанша нәтижесі анықталады деп жоспарланған. Басқарма басшысының орынбасары елордада жедел штаб пен жұмыс тобы құрылғанын айтты.

"Біз науқастар мен олармен байланыста болған адамдар жатуға арналған қосымша төсектер әзірледік. Барлық емханаларда қосымша сүзгі-кабинеттер ашылды, онда науқастар дереу сол жерге жүгіне алады. Елордада дәрі-дәрмек, қорғану және дезинфекциялау құралдары жеткілікті", - деді Әлия Рүстемова.

Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері бір ай бойы Қытайдан келген адамдарға қоңырау шалып, жағдайларын біліп отыратын болады. Егер жұқпалы аурудың белгілері анықталса - жөтел, дене қызуы көтерілсе дәрігер сол жерге барады. Елордалық емханалар 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режиміне ауысты, демалыссыз жұмыс істейді.

Астана қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сархат Бейсенова қазір қауіп төнген жағдайда әуежайда және вокзалдарда санитарлық-карантиндік бақылау пункттері мен стационарлық тепловизорлар орнатылғанын айтты.

Осыған дейін Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылғаны туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.