Қытайдан ұшып шыққан ұшақ Нұр-Сұлтанға шұғыл қонды

0
1 416

Ұшақтың ішінде 234 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды.


Қытайдан ұшып шыққан ұшақ Нұр-Сұлтанға шұғыл қонды

ERNUR.KZ. SCAT әуе компаниясының Boeing 757 ұшағы Нұр-Сұлтан әужейына шұғыл қонды, деп жазады sputniknews.kz.

Бұл жайлы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті хабарлаған.

"Бүгін Сания (Қытай) – Нұр-Сұлтан бағытындағы VSV464 рейсі сағат 16:58-де шұғыл қонды. Сания әуежайы диспетчерлік қызметінің ақпараты бойынша ұшу-қону жолағынан резеңке бөлшектер табылған. Болжам бойынша ұшақ әуеге көтерілген кезде белгісіз затты басып өтіп, салдарынан шассидің сол жақ негізгі тіреуінің артқы доңғалағына зақым келген", - деп жазылған ресми хабарламада.

Осы жағдайдан кейін әуе компаниясы ұшақты қондыру мәселесін Нұр-Сұлтан әуежайымен пысықтаған.

"Ұшақ аман-есен қонды. Ұшақтың ішінде 234 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды", - деді азаматтық авиация комитетіндегілер.

Авиация оқиғаларын тергеу басқармасының комиссиясы тексерісті бастады, деп хабарлады комитет.