Фото: inbusiness.kz.
ERNUR.KZ. Талдықорғанда Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталды, деп жазады inbusiness.kz.
Алайда, сот отырысы барысында оның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілген.
"Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды", – деп хабарлады облыстық соттан.