Алматы көшесіндегі жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Бірақ полицияға ешқандай қоңырау түскен жоқ.
ERNUR.KZ. Алматыда төбелесіп жатқан бір топ жігіттер мен қыздарды біреулер видеоға түсіріп үлгеріпті, деп жазады Zakon.kz.
Бұл жазба әлеуметтік желілерде пайда болды. 15-20-адамдай бір топ жастар жаға жыртысуда, арасында қыздар да жағаласып жүр. Бұл оқиға Гаккудің концертінен кейін болған дейді видео авторлары.
- Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері 102 пультіне төбелес туралы ешқандай хабар түскен жоқ. Ал әлеуметтік желілерде тараған осы видеоға байланысты қазір Алмалы ауданының полиция бөлімі тексеру жұмыстарын жүргізуде, - деген түсініктеме берді қалалық ПД баспасөз қызметі.