Қызға ренжіген жігіт көпірден секірмек болды

0
507

Теректі ауданының 29 жастағы тұрғыны мас болған.


Қызға ренжіген жігіт көпірден секірмек болды

Батыс Қазақстан облысында 29 жастағы жігіт көпірден секірмек болды, деп жазады polisia.kz.

20 тамызда кешкі сағат 21:30-да Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне бір жігіттің Жайық өзеніндегі көпірден құлағалы тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жақын жерде жүрген Жігер Ахонов пен Қайрат Длимов атты патрульдік полиция қызметкерлері жеткен. Олар жігітті аман алып қалу үшін барын салған.

Полицейлер жігітпен бір сағаттан аса уақыт сөйлесіп, оны райынан қайтарды. Ол қаладағы полицияға бөліміне жеткізілді.

Кейін анықталғандай, Теректі ауданының 29 жастағы тұрғыны мас болған. Ол мұндай қадамға сүйіктісімен жанжалдасу салдарынан барған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1 бөлігі ("Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу") бойынша жігітке әкімшілік жаза тағайындалды.