Қызметкерлерге қол көтерген полиция басшысы жұмыстан қуылды

0
515

Сонымен қатар, аталған басқарманың басшысы қызметінен босатылды.


Қызметкерлерге қол көтерген полиция басшысы жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Алматы қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицей жұмыстан босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, Полиция департаментінде жедел тәртіптік комиссияның отырысы өтті.

«Комиссияның шешіміне сәйкес, Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қ. Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» нормаларын бұзатын әрекетті жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды», - деді ол.

Сонымен қатар, аталған басқарманың басшысы қызметінен босатылды.

Қанат Таймерденов қауіпсіздік басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 362 бабы -билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты.



Бұған дейін, Алматыда полиция басшысы қол астындағы қызметкерлерге қол көтерді деген күдікке ілінгені туралы жазған болатынбыз.