Қызылорда - Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты

0
648

Аталған факті бойынша тергеу басталды.


Қызылорда - Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты

ERNUR.KZ. Қызылорда - Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.

8 қазан күні сағат 02.45-те көлік полициясына Жамбыл облысындағы «Бурный – Сұрым» өткелінде Қызылорда - Семей бағытындағы жолаушылар поезының электрқондырғы бөлмесінде өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті. We

«Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, дереу өртенген вагонның екі жағын ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды. Поезд бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патрульдік нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті», - делінген хабарламада.
Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша тергеу басталды.