Қызылорда облысында екінші сынып оқушысы педофилдің құрбаны болды

0
818

Педофил тұтқындалды.


Қызылорда облысында екінші сынып оқушысы педофилдің құрбаны болды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында екінші сынып оқушысы педофилдің құрбаны болды. Бұл туралы Дина таңсәрі өз Facebook парақшасында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Құқық қорғаушының мәліметіне сүйенсек, оқиға Жаңақорған ауданында болған.

"#НеМолчиKZ қорына анонимді хабарлама келіп түсті, бұл жағдай туралы пікір білдіруді сұраймыз. Егер қылмыс расымен орын алса, қандай шара қабылданды, кішкентай балаға қандай көмек көрсетілді?", - деп жазды автор.

Бұдан кейін Дина Таңсәрі анонимді хабарламаның мәтінін жариялады.

"Бір апта бұрын 2-сынып оқушысы зорланды. Қыздың анасының жүрегі ұстап қалды, ауырып жатыр, әкесі есеңгіреп қалған. Күдікті қызды алдап, мектепке дейін жеткізетінін айтқан. Көлікке отырғызып, алып кетіп, зорлаған. Кейін алып кеткен орнына қайта әкеп тастаған", - делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталған дерек сотқа дейнігі бірыңғай тергеу реестрінде Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

"Күдікті тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды", - деді полициядағылар.