Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды

0
842

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

6 қаңтарда сағат 15:00-де Қызылорда облысы ПД Арал АПБ-нің 102 арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы сауда үйіне әйнек есігін сындырып кіріп, сөредегі ақшаны ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті 17 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2-бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.