Қызылорда облысында тікұшақ құлап, үш адам қаза болды

0
2 291

​ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі 4 Әскери тікұшақ арнайы оқу-жаттыу жоспары бойынша Ақтадан-Шымкентке ұшып шығып, біреуі жолда апатқа ұшырады.


Қызылорда облысында тікұшақ құлап, үш адам қаза болды

Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында «Айбалта-2019» оқу-жаттығу жоспары бойынша ұшуды орындау кезінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеше 27 наурыз күні ҚР Қорғаныс министрлігінің Ми-8 (28) тікұшағы Ақтау қаласынан шығып Шымкент қаласына бет алған. Кейіннен екі арадағы Шеткі (Крайний) әуежайынан 17.42 шамасында Шымкентке қарай ұшып шығып Жалағаш ауылының аумағында (Шекелі каналының маңында) апатқа ұшыраған. Тікұшақ бортында 3 экипаж мүшесі және 9 жолаушы болған. Ұшу түнгі уақытта ауа-райының қолайсыз жағдайында кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған екен.

Экипаж командирі майор Костыгов Р.П., бірінші ұшқыш лейтенант А.Б.Айтбаев, борт технигі майор Т.А.Құдайбердиев.

4 бірдей әскери тікұшақ Ақтау – Бейнеу – Крайний – Шымкент бағытында ұшып бара жатқан. Қазірде Ақтаудан үшып шыққан қалған 3 тікұшақтың екеуі Қызылордаға қонып, біреуі сағат 20.00 шамасында апат орнына ұшып келген. Құтқару жұмыстарына 56597 әскери бөлімнің (Қызылорда) 30 сарбазы жіберілген.


Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен министрлік тарапынан арнайы комиссия құрылып, оқиға орын алған жерге аттанған. Қазір Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірігіп, төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.


Апат болған жерге Жалағаш ауданынан екі өрт сөндіру командасы келген. Өрт сөндіру командасының баяндауы бойынша, тікұшақ айналасынан үш адамның денесі шашылып қалған. Әлі де зардап шеккендер анықтау жұмыстары жұргізіліп жатыр.