Қызылорда өңірінде өңдеу өнеркәсібінің қарқыны жоғары

0
167

Жыл басында облыс басшысы аудандар мен қала әкімдеріне қаралған қаржыны белгіленген мақсат бойынша уақтылы игеруді тапсырып, өңдеу өнеркәсібінің қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын жеткізген.


Қызылорда өңірінде өңдеу өнеркәсібінің қарқыны жоғары

2021 жылы бірнеше министрліктің дайындаған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба қабылданған болатын. Атауы аңғартып тұрғандай, ұзақмерзімді бұл жобаны жасаудағы негізгі мақсат – өңірлерді түрлі сала бойынша дамытып, ел экономикасын көтеруге ықпал ету. Тиісінше, Сыр өңірінде өнеркәсіп саласына айрықша назар аударылып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте өзіміз айтып отырған индикаторға үңіліп, Қазалорда облысындағы өнеркәсіп саласының биылғы жетістіктеріне шолу жасамақпыз.


Әуелі жыл басындағы жаңалықтан бастар болсақ, еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен алқалы жиында экономика министрлігінің басшысы Қызылорда облысының негізгі капиталға инвестиция тарту бағыты бойынша алдыңғы орынға шыққанын мәлім еткен. Ал, облыс басшысы өңірдің 2022 жылды табысты аяқтағанын тілге тиек етіп, биыл да ұмыстардың қарқынын түсірмеуді, оның ішінде жаңа инвестициялық жобаларды тартуды тапсырған. Одан бөлек, Сыр өңіріндегі барлық өнеркәсіп саласында қызмет атқаратын субъектіге анализ жүргізіліп, өңдеу өнеркәсібі саласының дамуын одан әрі қарыштату жолдары қарастырылатын болған.


Бұл тұрғыда, соңғы жылдары өңірдегі өңдеу өнеркәсі саласында елу төрт пайыздан астам өсім байқалып, бұл республика көлеміндегі үздік көрсеткіш болғанын атап өткен жөн. Сәйкесінше, жыл басында облыс басшысы аудандар мен қала әкімдеріне қаралған қаржыны белгіленген мақсат бойынша уақтылы игеруді тапсырып, өңдеу өнеркәсібінің қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын жеткізген.


Естеріңізде болса, сөз басында Қызылорда облысы әкімінің өнеркәсіп саласын одан әрі дамыту үшін инвестиция тартуды тапсырғанын атап өткенбіз. Сәйкесінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында өңір капиталына инвестиция тарту көрсеткіші елу екі пайызға артыпты. Сондай-ақ, осы мерзім ішінде облыстағы экономикалық ахуал қалыпты күйде сақталып, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі – 1,7, жаңа құрылыс алаңдарының көлемі – 38,7, ел игілігіне тапсырылған баспаналар көлемі – 2,9, ал өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 4,6 процентке ұлғайыпты. Ал, аталған кезеңде өңірдің өазынасы 592 миллиард теңгені құраса, түйіні шешілмеген мәселелерді реттеу үшін 25,5 миллиард теңге жұмсалатын болған. Атап айтсақ, сапалы біліммен қамту, сапалы медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік санатқа жататын ғимараттар тұрғызу, кәсіпорындарды жаңғыртуға. Одан бөлек, биыл индустрия министрлігі биыл өңірде бірнеше тұрғын үй салуға қаржы қарастыратын болған. Сондай-ақ, ел қазынасынан Сыр өңіріне қырық миллиард теңгеге жуық қаржы қаралып, бұл ақша медициналық нысандардың жұмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын тұрғындарға үй сатып алуға, автокөлік жолдарын жөндеуге және ауызсу мен жылыту жүйелерінің қызмет сапасын көтеруге бағытталатын болған.


Ал, маусым айында облыс басшысы өңірде тың жобалар іске асырылып, өңдеу өнеркәсібінің көлемі жалпы 1,9 пайызға артқанын мәлім етті. Дегенмен, бүгінде Қызылорда облысындағы өнеркәсіп саласының басым бөлігін тау-кен бағыты алатынын ескерсек, соңғы он жылда мұнай өндіру жерасты қорының азаюына байланысты 6,5 миллион тоннаға кеміпті. Сол себепті қазір жаңа -тау-кен орындарын анықтау мақсатында зерделеу жұмыстары атқарылып жатыр. Оған қоса шикізат тәуелділігін жою мақсатында өңір экономикасын әртараптандыру үшін отыздан астам жоба іске асырылу үстінде. Жалпы құны 607,7 миллиард теңге болатын жаңа жобалар арқылы алты мыңнан астам тұрғынды жұмыссыздықтан арылтуға орай туып отыр. Биыл оның ішіндегі онға жуық жоба іске қосылады деп жоспарланған. Ал, 2022 жылы өңірде үй құрылысына қажетті жабдықтар өндіру, балық өнімдерін өңдеу, көкөніс сақтау бағыттары бойынша төрт жоба іске қосылған екен.


Дегенмен, шілде айында өңір басшысы 2023 жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, аталған мерзім ішінде Қызылорда облысындағы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 4,4 пайызға төмендегенін баяндады. Оның арасында химия, тамақ, металл өндіру, жеңі өнеркәсіп сынды бағыттарда өнімнің азаюы байқалған.


Тиісінше, қыркүйек айындағы Президент Жолдауынан кейін Үкімет басшысы Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес, Қызылорда облысының әкіміне бірқатар тапсырма берген болатын. Соның ішінде, ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ұлғайту, тұрғындарға қажетті инфрақұрылымды жаңарту, автокөлік жолдарының сапасын арттыру, білімді жастарға қолдау жасау, креативті индустрияны көтеру сынды салалармен қатар, өнеркәсі саласы мен өңдеу өнеркәсібінің қарқынын күшейтуді де жүктеген.


Дәл осы тапсырмалар берілгеннен кейін, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айын түйіндеген облыс басшылығы өнеркәсіптік өңдеу саласында жылдағыда өсу бар екенін мәлім етті. Бұған мнайдың қорын молайту бағытындағы жедел іс-шаралар, көптеп тартылған инвестициялар, өнеркәсіпті өркендетуге үлес қосамын деушілерге берілген мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелердің айрықша әсер еткені сөзсіз.


Ал, өткен айда өңірде ұйымдастырылған арнайы жиында облыс басшысы аталған саланы дамытуды тоқтатпай, жаңа жобаларды белгіленген мерзімде тапсырудың тиімділігін түсіндірді. Облыс басшысының айтуынша, 2023 жылдың сегіз айында аталған салада 12,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы көрсеткіштен 3,6 пайызға артық орындалған екен. Десе де, өңір басшысы әрбір аудан мен қаланың әкімдеріне мұнімен тоқтап қалмай, өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту керетігін айтты. Сонымен қатар, облыс басшысы аталған сала бойынша жалпы құны 715 миллиард теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асырылып жатса, биылғы жылдың аяғына дейін соның жетеуі іске қосылатынын жеткізген.


Тиісінше, республика көлемінде Алматы қаласы және Қостанай облысымен бірге Қызылорда өңірі де өңдеу өнеркәсібі бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ, бұл бағытта Сыр өңірінде елуге жуық жоба қолға алынғанын ескерсек, келер жылғы көрсеткіш бұдан да жоғары болуы әбден мүмкін екенін түсінеміз.


Бауыржан Мейірханұлы,

ERNUR.KZ