Қызылорда полиция басқармасының бастығы есірткі сатумен айналысқаны үшін ұсталды

0
1 479

Полиция басшысын ұстау бойынша арнайы операцияны облыстық ҰҚК қызметкерлері жүргізген.


Қызылорда полиция басқармасының бастығы есірткі сатумен айналысқаны үшін ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы есірткі сатумен айналысқаны үшін ұсталды, деп жазады sputnik.kz

Өткен тәулікте облыстық ішкі істер органдары басшылығына қатысты бірден екі қылмыстық іс қозғалды.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шиелі ауданы полиция бөлімінің штаб басшысын ұстады. Оған аудан тұрғынының "қылмыстық іс бойынша көмек көрсеткені" үшін пара бергені туралы арызы себеп болған.

Сонымен бірге бүгін ҰҚК-нің Қызылорда облысындағы департаменті Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығын есірткіні сату мақсатында сақтағаны үшін ұстады.

Екі күдікті де уақытша ұстау абақтысына қамалды, тергеу жұмыстарының нәтижесі кейінірек хабарланады.