​Қызылордада ас қорыту жолдарына пышақсыз операция жасалды

0
1 197

Денені теспей, кеспей, лазерлік жолмен жасау жолдарын Корея Республикасының дәрігерлері көрсетіп берді.


​Қызылордада ас қорыту жолдарына пышақсыз операция жасалды

ERNUR.KZ. Қызылордада алғаш рет өңеш, асқазан және тоқ ішек обырына шалдыққан науқастарға операция жасалды, деп жазады 24.kz.

Денені теспей, кеспей, лазерлік жолмен жасау жолдарын Корея Республикасының дәрігерлері көрсетіп берді. Жергілікті ақ халаттылар корейлік жетекші клиника мамандарымен бірігіп, қатерлі ісік анықталған 10 науқастың денсаулығын түзеуге атсалысады. Ішкі ағза мүшелерін 3D көрсету құралдары қолданылған операциялардың тиімділігі өте жоғары және науқас тез оңалады. Корея Республикасының гранты бойынша сырбойылық хирургтер сол елдің озық медициналық орталығында 2 ай тағылымдамадан өткен болатын. Бұдан былай операция кезегінде тұрған қызылордалықтарға, басқа ірі қалаларға бару қажеттілігі азаяды.

Нұржан Қылышбеков, хирург:

- Мұндай операциялар үлкен орталықтарда Алматы, Астанада ғана жасалынатын. Естуімше, тек Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығында ғана өңеш ахелазиясына жасалынады операция. Шеберлік класы арқылы міне бүгін біздің орталықта 1-рет операция жасалып жатыр.