Әлеуметтік маңызы бар агроөнімдер дүкен сөресіне дейін жетпеген.
ERNUR.KZ. Былтыр Қызылорда облысында тұрақтандыру қорындағы 200 тоннадан астам пияз, 44 тонна сәбіз бен 6 тонна қырыққабат тұтынуға жарамсыз болып қалған. Себебі сақтау талаптары өрескел бұзылған, деп жазады baq.kz.
Сөйтіп әлеуметтік маңызы бар агроөнімдер дүкен сөресіне дейін жетпеген. Одан бөлек, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының азық-түлік тауарларын нарық бағамынан жоғары бағада сатып алғаны әшкереленді. Карантин кезінде картоп пен сәбіз 39 миллион теңге қымбат алыныпты. Тиімсіз жобаларды қаржыландырған «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бизнесті дамытуға бағыттаған 3 миллиард теңгесін қайтара алмай отыр. Бұл бағытта несие төлеуші кәсіпкерлерге қатысты 150 іс сотқа жолданды. Жалпы тұрақтандыру қорының соңғы 3 жылдық қызметіне талдау жүргізген жұмысшы топ мекеме басшылығының бос лауазымдарға мамандарды іріктеу тәртібін де дұрыс ұйымдастырмағанын анықтады.
Біз сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін деген 20-дан аса ұсынымдар бердік. Соның алдын-алу және жою бойынша ұсыным бердік, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілі Нұржан Оспанов.
Соның 14-15 орындадық. Қалғаны уақыт талабына сай орындалатын дүние. Келісімшарттарға өзгеріс енгізу, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін ауыстыру, сотқа беретін талап-арыздарды беру, бақылауды күшейту, JPS камера орнату оған шамалы қаражат керек, - дейді «Байқоңыр»ӘКК өкілі Ғабыт Тобажанов.