Қызылордада жаппай төбелес: 2 адам ауруханаға түсті

0
1 129

20-23 жас аралығындағы 3 облыс тұрғыны ұсталды.


Қызылордада жаппай төбелес: 2 адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Қызылордада бір-бірімен сөзге келген бір топ азамат мәселені күшпен шешпек болған, деп жазады stan.kz.

Жастар арасындағы жаппай төбелес туралы ақпаратты ішкі істер министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға кешкі сағат 23:30 шамасында қаланың шет көшелерінің бірінде болған. Полиция қызметкерлері шұғыл жеткенде бір топ азаматтың төбелесін байқаған.

“Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен полиция 20-23 жас аралығындағы 3 облыс тұрғынын ұстап, бөлімшеге жеткізді. Екі адам аураханаға жатқызылды, денсаулықтары тұрақты”, - делінген полиция ақпаратында.

Сондай-ақ бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (Бұзақылық) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.