Қызылордада жасөспірімді соққыға жыққан 5 оқушы полицияға жеткізілді

0
1 411

Кәмелетке толмаған баланы жабылып соққыға жыққан Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің 5 оқушысы екені белгілі болды.


Қызылордада жасөспірімді соққыға жыққан 5 оқушы полицияға жеткізілді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жасөспірімді ұрып-соққан 5 оқушы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде жасөспірімді белгісіз азаматтардың ұрып-соғып жатқаны жөнінде бейнекөрініс жарияланған еді.

Осы мақсатта Қазалы аудандық полиция бөлімі қосымша тексеру және әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізді.

Нәтижесінде, бейнероликте көрсетілген кәмелетке толмағанды ұрып-соққан адамдар анықталған.

«Бұл бойынша Қазалы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейiнгi тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен (бұзақылық) іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қазалы ауданының әкімдігі төбелеске қатысты анықтау шаралары жүргізілгенін хабарлады.

«Кәмелетке толмаған баланы жабылып соққыға жыққан Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің 5 оқушысы екені белгілі болды. Олар 7 сәуірде аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір соққыға жығылған бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты», - деп мәлім етті аудан әкімдігінен.