Қызылордада жол бойынан нәрестенің мәйіті табылды

0
1 148

Аталмыш оқиға 20 мамыр күні белгілі болды.


Қызылордада жол бойынан нәрестенің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласындағы әл-Фараби шағынауданы аумағынан нәрестенің мәйіті табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға 20 мамыр күні белгілі болды. Сол күні сағат 6.30 шамасында әл-Фараби кварталында орналасқан жол бойынан солтүстікке қарай 40 метр жерден нәрестенің мәйіті табылған.

«Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен қылмыстық іс қозғалып, жаңа туған баланы анасының өлтіруі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің барлық процессуалдық талаптарын сақтай отырып, нәрестенің анасын анықтау бағытында кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін ескертті.

Бұдан Қызылорда облысы Қазалы ауданында пакетке оралған нәрестенің табылғанын хабарлаған едік. Одан кейін тастанды нәрестенің анасы қолға түсті.