Қызылорданың таулы аймағында қақаған суықтан мал қырылып қалды

0
1 242

Барлық жайылымға биіктігі бір метрден асатын қарды жауған.


Қызылорданың таулы аймағында қақаған суықтан мал қырылып қалды

ERNUR.KZ. Шенеуніктердің айтуынша, бұған 18 ақпан күні ауа райының кенеттен суып, қар түсуі себеп болған. Қар жауғаннан кейін ондаған ұсақ қара мал қырылды, қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп жазады Elitar.kz.

Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрған Базарбаевтың айтуынша, 18 ақпанда кенеттен өткен қар жауған.

"19 ақпан күні таңғы сағат 10-да "Бақытжан" шаруа қожалығына жайлауда малдың қырылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол күні біз жазғы жайылымға жете алмадық. 20 ақпан күні аудан әкімдігі жанынан мобильді топ құрылды. Облыстық ТЖ басқармасына жүгінгеннен кейін бізге 3 жол талғамайтын көлік берілді. Тек осы техниканың арқасында біз оқиға орнына жеткен едік. Жайлауда біз шопандармен кездестік. Олар 18 ақпан күні қалың қар жауғанын айтты. Барлық жайылымға биіктігі бір метрден асатын қарды жауған. Отардың басым бөлігінде жас малдар болғандықтан қалың қарға олар шыдас бере алмай, жайлауда жаппай қатып қалды, - деп хабарлады бөлім басшысы.