Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі екпеден бас тартқандар - дәрігер

0
942

Қызылшамен ауырған 658- адамның, 372-і екпеден бас тартқандар.


Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі екпеден бас тартқандар - дәрігер

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері екпеден 500-ден астам алматылық бас тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл екпе салдырудан бас тартқандардың саны – 597 жетті. Оның ішінде біз 51,9% екпе салынды. Өкінішке орай, 244 балаға екпе егілмеді. Тұрғындардың басым бөлігі вакцинадан діни көзқарастарына байланысты бас тартты. Денсаулығына байланысты, тек 100-ден астам балаға ғана екпе салынған жоқ. Қалғандары міндетті түрде екпе алулары керек»,- деді Алматы қалалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Десекте, профилактикалық тұрғыда нәрестелерді вакцинациялау қажетті деңгейде жүріп жатыр. Жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы екпе салу (БЦЖ) 89,2% құрады (негізігі қамту 95% -дан кем болмауы керек).

Айзат Молдағасымованың айтуынша, қызылшамен ауырған 658- адамның, 372-і екпеден бас тартқандар.