Қызын пышақтаған ана оқиғасы: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

0
269

Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.


Қызын пышақтаған ана оқиғасы: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті СҚО-дағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады baq.kz.

Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетіледі. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады, - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.