​Қызын зорлап, анасын өлтірген қылмыскерді сот түрмеге отырғызбайтын болды

0
1 505

Қызды зорлап, араша түскен анасын шалбардың белбеуімен буындырып өлтіреді. Отағасы бұл уақытта үйде болмаған, Астанаға жұмыс істеуге кеткен.


​Қызын зорлап, анасын өлтірген қылмыскерді сот түрмеге отырғызбайтын болды

ERNUR.KZ. Үшінші сынып оқушысын зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскердің ісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп жазады sputniknews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде Қызылорда қаласына қарасты "Ягодка" бақ шаруашылығы бірлестігі аумағында үшінші сынып оқушысы зорланған болатын, ал баласын қорғамақ болған ана қаскүнемнің қолынан қаза тапты. Отағасы бұл уақытта үйде болмаған, Астанаға жұмыс істеуге кеткен.

Полиция бұл қылмыстарға күдіктіні ізін суытпай ұстады. Тергеудің мәліметінше, орта жастағы ер адам бұрын бақ шаруашылығы бірлестігінде тұрған, ал сол күні мұнда балық аулауға келіпті. Ол ішімдік ішіп алып, ана мен қыз тұратын үйге кіріп келген. Қызды зорлап, араша түскен анасын шалбардың белбеуімен буындырып өлтіреді. Әйелдің жан айқайын естіген көршілер полиция шақырған. Жарақат алған қыз ауруханаға жатқызылды, әйелді бірнеше күннен кейін туыстары мен саяжай тұрғындары жер қойнына тапсырды.

Бұл екі қылмыс туралы іс тергеліп, Қызылорда облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілді. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сотта қылмыскердің ақыл-есі кем болғандықтан түрмеде отырмайтыны хабарланды.

"Қылмыстық әрекеттерді қабілетсіз халде жасауына байланысты, амбулаторлық сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы негізінде оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды, ол психиатриялық стационарда емделеді", — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін қыздың әкесі тұрақты баспанасы мен табысы болмағандықтан баласын үйіне әкете алмай жүргені хабарланған еді. Қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр.