Істің материалына сәйкес, күйеуі мен әйелі 2012 жылдан 2015 жылға дейін заңды некеде тұрған.
Істің материалына сәйкес, күйеуі мен әйелі 2012 жылдан 2015 жылға дейін заңды некеде тұрған. Некеде олардың ортақ қызы дүниеге келген. Ажырасқаннан кейін, күйеуі ай сайын айыпталушының қызына алимент төлеп, өзіне міндет алады. Екеуі ажырасып кетсе де, әкесі қызымен көрісіп, демалыс күндері баланы алып кетіп отыратын.
"2017 жылдың желтоқсан айында сотталушы үйленетінін айтып, әкесі баланы тастап кетуін сұрайды. Нәтижесінде, шағымданушы өзінің туған баласы екеніне күмән тудырып, айыпталушыдан өз еркімен ДНҚ тапсыруды талап еткен. Зерттеудің қорытындысы бойынша, қыздың әкесі басқа ер адам болып шықты. Сарапшының қорытындысы мен айыпталушының бұл қылығы тек шағымданушыға ғана емес, балаға бауыр басып қалған жігіттің ата-анасына да соққы болды", - деп түсіндірді сот.
Ер адам айыпталушыдан алимент төлеу туралы міндеттемеден босатуды және туған әкесі деген тізімнен алып тастап, 352 121 теңге сомасында ақша қайтаруды талап етті. Ақыры бұл іс медиация арқылы шешілді. Нәтижесінде сот айыпталушыға 502 000 теңге көлеміндегі ақшаны шағымданушыға қайтарсын деп шешім шығарды.
Сот шешімі бойынша тараптар арасында жасалған медиация туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.