​«Лада-Гранта» көлігін “ұтып алған” азамат оңбай алданды

0
1 410

Полиция қызметкерлері мәселенің рас-өтірігіне көз жеткізбей жатып, естіген әрбір нәрсеге сене бермеуді сұрайды.


​«Лада-Гранта» көлігін “ұтып алған” азамат оңбай алданды

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Семей қаласының Ішкі істер басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 400 арыз келіп түскен. Шағым түсіргендердің 57-ісі телефон алаяқтарының құрбаны болған, деп жазады altaynews.kz.

Осы жақында 1985 жылы туған Бөгембайұлы көшесінің тұрғынына «Самсунг» ұялы телефоны мен «Лада-Гранта» автокөлігін ұтып алғаны туралы хабарлама келіп түскен және ол сыйлықты алу үшін қайырымдылық қорына ақша аударуы керек болған. Қуанышты хабарға есі кете сенген азамат Әуезов даңғылындағы дүкендердің бірінен терминал арқылы қомақты қаражат салып жіберген.

Полиция қызметкерлері мәселенің рас-өтірігіне көз жеткізбей жатып, естіген әрбір нәрсеге сене бермеуді сұрайды.