Лагерьге бара жатқан баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
536

Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі.


Лагерьге бара жатқан баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. "Атырау-Астрахань" пойызында баланың қайтыс болуы дерегі бойынша комиссия құрылады, деп жазады BAQ.KZ.

“77 адамнан тұратын топ (4 тәлімгер, 73 бала) "Атырау-Астрахань" теміржол бағыты бойынша «Қазақстан геологы" санаторийіне (Железноводск) жіберілді. Жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылды. "Нарын" станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады. Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өз тамағын тұтынғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды”, - делінген хабарламада.

Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, 7 тамызда № 625 «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 2010 жылы туған бала көз жұмғанын хабарланды. Осы қайғылы оқиғаға қатысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады.