Лепстің Қазақстандағы концерті өтпейтін болды

0
621

Сондай-ақ, билет ақшасын алған жерден қайтарып алуға болатыны хабарланды,


Лепстің Қазақстандағы концерті өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Ресейлік әнші Григорий Лепстің концертін өткізу үшін өз алаңын ұсынған Macao Luxury Village Resort іс-шара ұйымдастырушысымен келісімшартты бұзды, деп жазады ulysmedia.kz.

Компанияның хабарлауынша, шешім біржақты тәртіпте қабылданған. Сондай-ақ, билет ақшасын алған жерден қайтарып алуға болатыны хабарланды,

Еске салайық, Лепс 8 шілдеде Қонаев казиносының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған. Концерт билеттерінің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбат билеттер 1 миллион теңгеге бағаланған.

Қазақстандықтар соғысты қолдайтын әртістің елімізде өнер көрсететініне наразылықтарын білдірді. Бұған дейін Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін мәлімдеген.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресейдің Украинға қарсы соғысын қолдайтын өнер иелерін Қазақстанға шақырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керегін айтты.