"Халал" сертификатын алу оңай емес: ол үшін сертификатталған өнімдер сапа стандарттарын сақтаумен қатар, барлық кезеңдерде - өндірістен бастап (еттің сойып басталуынан) тасымалдау мен сақтауға дейін халал емес жағдайынан оқшаулануы тиіс.
ERNUR.KZ. Magnum Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан "Халал" сертификатын алды, деп жазады Tengrinews.kz.
Арнайы ислам мекемелерінен сертификатталған "Халал" өнімдері жалпы әлемде, әсіресе мұсылман халықтары басым елдерде барған сайын танымал бола бастады - халал тауарларының арнайы бөлімдері бөлшек саудадағы заманауи үрдіс болып табылады және жыл сайын өсуде. Сонымен қатар, "халал" өнімдерін тек діни себептер бойынша мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар басқа дінді ұстанушылар немесе атеисттер де жоғары сапа стандарттарына байланысты таңдай бастады.
Алайда "Халал" сертификатын алу оңай емес: ол үшін сертификатталған өнімдер сапа стандарттарын сақтаумен қатар, барлық кезеңдерде - өндірістен бастап (еттің сойып басталуынан) тасымалдау мен сақтауға дейін халал емес жағдайынан оқшаулануы тиіс. Мұндай шарттарды "Халал" сертификатын алған, сонымен қатар, көптеген процестерді өзгерту үшін, жеткілікті сатылымы, кеңсесі, бюджеті мен сенімді жеткізушілері бар шағын мамандандырылған дүкендер немесе ірі ретейлдер қамтамасыз ете алады.
Қазақстандағы ең ірі бөлшек сауда желісі Magnum барлық ет пен шұжық өнімдеріне "Халал" сертификатын алған мемлекетіміздегі ең бірінші ретейлер. Өнімдер арнайы сөрелерде "Халал" белгісімен сатылатын болады.
Сертификат Magnum компаниясының өкілдеріне 1 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты халал стандарттау мен сертификаттау мекемесі "Халал Даму" кеңсесінде табыс етілді.
Бұған дейін үш ай бойы сауда желісін ҚМБД және "Халал Даму" өкілдері нормаларға сәйкестігін тексеріп, алынған түсініктемелерге сәйкес өз барысын өзгертті. Нәтижесінде, соңғы тексеруден өткеннен кейін, 124 филиал (сатып алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша сертификат алмау туралы шешім қабылданған Қарағандыдан басқа) ет бөлімдері мен шұжық өнімдеріне арналған мамандандырылған бөлімдер үшін "Халал" белгісін пайдалану құқығын алды.
Сонымен қатар, бөлшек сауда желісі басқа категориялар бойынша талап етілетін халал емес тауарларды сатудан бас тартпайды - Magnum сатып алушылардың мүдделерін бірінші орынға қояды және өзінің барлық тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыруға тырысады - "Халал" стандарттарына сәйкес халал және халал емес өнімдері барлық сатыда бөлінген.