Майқайыңдағы апат - автобустың жатқан жері анықталды

0
1 793

Аталған құрылғы жоғары жиілікті импульстарды сканерлеуге және топырақ профилінің суреттерін алуға мүмкіндік береді.


Майқайыңдағы апат - автобустың жатқан жері анықталды

ERNUR.KZ. Балқаштан жеткізілген еліміздегі жалғыз құрылғы - американдық өнеркәсіптік радиолокация автобустың жатқан жерін анықтап берді, деп жазады Ulysmedia.kz.


Аталған құрылғы жоғары жиілікті импульстарды сканерлеуге және топырақ профилінің суреттерін алуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, автобустың шамамен 5 метр тереңдікте жатқаны анықталған. Қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Кеше “Майқайыңалтын” кен байыту комбинатына қарасты опырылған шұңқырдың нақты аумағы анықталған болатын.

Белгілі болғандай, оның тереңдігі 66 метр, ұзындығы 170 метр, ені 130 метр. Өлшем кәсіпорындағы маркшрейдер құралымен жасалды.

Іздестіру жұмыстары екі ауысыммен тоқтаусыз жүргізілуде.

Шыңырауға түсіп кеткен автобус, жүргізуші және бір құтқарушы әлі табылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, автобуспен бірге жер астына түскен төрт адамның екеуінің денесі шығарылды.