Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын қос нокдаунмен ұтып, әлем чемпионы атанды

0
2 335

Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды.


Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын қос нокдаунмен ұтып, әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды, деп жазады inform.kz.

Бұдан екі жыл бұрын Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алып, қазақтың Ломаченкосы атанып кеткен түркістандық Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық, Джизак облысының өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді.

Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта М.Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Сөйтіп оны бет қаратпай, айқын басымдылықпен ұтты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Санжар Тәшкенбайдан кейін Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.

Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай финалда өнер көрсетеді.