Мал азығын шетелге сатуға уақытша тыйым салынады

0
630

Ол 15 тамыздан бастап күшіне енеді.


Мал азығын шетелге сатуға уақытша тыйым салынады

ERNUR.KZ. Елдің Ауылшаруашылық министрлігі осындай қаулы қабылдады, деп жазады 24.kz.

Жем-шөпті шетелге сатуды шектеу ішкі нарықта қор жинау мақсатымен жасалды. Мәліметтерге қарағанда қазір елде 16 миллион тоннадан астам шөп жиналды. Бұл жоспардың 68 процентіне тең.

Шаруалардың қысқа қам жасауы үшін өңірлерге 43 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен берілген. Сондай-ақ Мемлекет қарамағындағы 211 мың гектар жердің шөбін оруға рұқсат етілді.

Бүгінде Алматы, Жамбыл және Түркістан областары жем-шөп қорын жинауда жоспарды артығымен орындады.

Ал қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде Үкіметтен 3,6 миллиард теңге бөлінді. Оның 1,7 миллиарды Қызылорда, 1,9 миллиарды Маңғыстау облысына берілді. Сондай-ақ осы екі өңірдің тұрақтандыру қорына қосымша 1,7 мың тонна арпа жеткізіледі. Десе де мамандар малдың қырылуына жалғыз қуаңшылық емес, саладағы жүйелі жұмыстың жоқтығы себеп болды дейді.