​Малайзиялық компания Астанаға көше шамын сыйға тартты

0
1 468

Біздің бастамамыздың мақсаты – баламалы электр көзі мен энерготиімділік саласында тәжірибиге ие болғандықтан Қазақстан астанасына осындай сый жасау.


​Малайзиялық компания Астанаға көше шамын сыйға тартты

ERNUR.KZ.Заманауи шамдар электр қуатын 2,5 есе азайтуға мүмкіндік береді, деп жазады Елорда Инфо.

Елорданың Кравцов көшесінің бойынша Пушкин көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін 103 LED шамдары орнатылды. Ол малайзиялық компанияның Астананың 20 жылдығына жасаған сыйы. Бұл шамдардың ерекшелігі электр қуатын аз шығындап, ұзақ уақыт қызмет етеді.

«Біздің бастамамыздың мақсаты – баламалы электр көзі мен энерготиімділік саласында тәжірибиге ие болғандықтан Қазақстан астанасына осындай сый жасау», - деді малайзиялық LLP «Itramas Corporation» корпорациясының атқарушы директоры Июнь Ши Ли Байқоңыр ауданының әкіміне көше шамын табыстау кезінде.

Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимовтың сөзінше, бұл шамдардың арқасында электр қуатының шығындары 2,5 есеге азаяды, ал көшелер отандық шамдар орнатылған көшелерге қарағанда 30 пайызға жарық бола түспек.

Айта кетейік, мұндай шамдар барлық Малайзия бойынша орнатылған. Бүгінде компания Philips, Bosh, Siemens компанияларымен бірге 40-тан астам елге импортталады.