Мальдив аралдарына барып-қайтқандар карантинге жатқызылады: Жаңа қаулы шықты

0
515

Қаулы 2021 жылғы 17 мамырдан бастап күшіне енеді.


Мальдив аралдарына барып-қайтқандар карантинге жатқызылады: Жаңа қаулы шықты

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыда соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барып-қайтқан адамдар 14 күн бойы үйде оқшауланатыны (үй карантині) атап көрсетілген.
"Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарсы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі. Соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін", – делінген құжатта.
Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі осы қаулыға сәйкес, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына соңғы 14 күн ішінде Қазақстанға келген және Мальдив аралына барған адамдардың тізімдерін ұсынуы тиіс.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдардың тізімдерін ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.
Қаулы 2021 жылғы 17 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз.