"Малымызды құртып жатыр": Қостанайлық тұрғындар шағым айтты

0
730

Жұрт бруцеллёздің бар екендігіне күмәнмен қарайды.


ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы Белозёров елді мекенінің тұрғындары малдарының қырылып жатқанына шағымданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жылдары бұл ауылдан жүз бас ірі қара мәжбүрлі түрде сойысқа жіберілген. Қан тексерісі кезінде бруцеллёз анықталғанымен, кейін ПТР сараптамасы ол диагнозды жоққа шығарды. Ауылдағы ағайын тиесілі өтемақыларын ала алмай отыр. Ауру деген малдың еті арзан сатылып жатыр.

Жұрт бруцеллёздің бар екендігіне күмәнмен қарайды. Өйткені ауылда карантин енгізілген жоқ, тұрғындардың денсаулығы тексерілмеген. Санитарлық шаралар жүргізілмеген. Есесіне малдарыңды тапсырыңдар деген нұсқаулар үсті-үстіне келіп жатыр дейді олар.


– Жіберілген ұсынымда былай деп жазылған, егер екі рет күмәнді деп танылса, онда ол мал ауру саналады. Бірақ заң бойынша теріс не оң нәтиже көрсеткенге дейін бірнеше қайтара тексерілуі тиіс. Күмәнді ірі қара 15 күн сайын тексерілуі қажет. Ал бізде олай емес. Екі рет күмәнді деді ме, бірден сойысқа жібереді. Ал мал нақты ауру ма жоқ па оны білім жатқан ешкім жоқ, - дейді Белозеров ауылдық округінің ветеринар дәрігері Анастасия Кель.