Мамандар Ноғайты өзеніндегі балықтардың қырылуына жылқының зәрі әсер етті деп топшылайды

0
609

Сондай-ақ қой тоқытқаннан да болуы мүмкін.


Мамандар Ноғайты өзеніндегі балықтардың қырылуына жылқының зәрі әсер етті деп топшылайды

ERNUR.KZ. 10 маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балықтың қырылып жатқаны жөнінде дабыл түсті. Өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Бұл факті маусымның 9-нан 10-на қараған түні анықталды. Біз дер кезінде бардық, облыстан да арнайы комиссия келді. Қаракөз және қызылқанат балықтарының шабақтары екі өзеннің құяр аумағында өлген. Өзіміздің жобалауымызша, бөлініп қалған суда жылқының зәрі, қой тоғыту салдарынан ауа жетпей өлуі мүмкін деп отырмыз», - дейді Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.

Аудан әкімінің айтуынша, өлген балық пен судың сынамасы облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылған.