МӘМС жарнасын мемлекет төлейтін тұлғалардың тізімі кеңейтілді

0
737

​Бұйрық 2022 жылғы 28 наурыздан бастап күшіне енеді.


МӘМС жарнасын мемлекет төлейтін тұлғалардың тізімі кеңейтілді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен мемлекет медициналық сақтандыру қорына жарна төлейтін тұлғалардың тізіміне өзгерістер енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Енді үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бағып отырған жұмыссыздар үшін де міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары төленетін болады.

Бұл тізімге мыналар да кіреді:

  • балалар;
  • жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  • жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
  • жұмыс істемейтін (баланың заңды өкілдерінің бірі), бала үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеу;
  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты демалыстағы адамдар;
  • мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;
  • зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда);
  • тергеу изоляторларында ұсталған адамдар;
  • жұмыс істемейтін қандастар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектер;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғалар;
  • жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

Бұйрық 2022 жылғы 28 наурыздан бастап күшіне енеді.