Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

0
683

​Ниязовқа қатысты сот қаулысымен екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.


Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды, деп жазады Sputnik.

"Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ұстады", - делінген ақпаратта.

Ниязовқа қатысты сот қаулысымен екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.