Маңғыстау облысында ағайынды екі бала құдыққа құлап, мерт болды

0
1 514

​Мұнайлы ауданының полициясы екі баланың құдыққа құлап қаза табуына байланысты тергеу жұмыстарын бастады.


Маңғыстау облысында ағайынды екі бала құдыққа құлап, мерт болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы жеке үйлердің бірінде екі бала құдыққа құлап, көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Алты және он бір жастағы ағайынды екі баланың қазасына байланысты аудан полициясы тергеу жүргізуде.

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні түстен кейін болды. Оқиға болған кезде құдықтағы су деңгейі 1,8 метрден аспаған, алайда бұл тереңдіктен екі бала өз бетінше шыға алмаған.

Қазір тергеу бөлімінің қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды.