Маңғыстау облысында мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

0
1 046

Құжат алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Маңғыстау облысында мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қаулысымен Маңғыстау облысында екі нысанға қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының кейбір мәдениет және спорт ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілсін.

2. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.