Маңғыстау облысында мүгедек жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

0
404

Күдіктілер Ақтау қаласының аумағында ұсталды.


Маңғыстау облысында мүгедек жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында мүгедек жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген адамдар ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

"Кедергісіз қала" пилоттық жобасын іске асыру аясында Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 22 сәуірде Ақтау қаласының аумағында күдіктілерді ұстады.
Полиция департаменті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.