Маңғыстау облысында жүргізуші оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

0
485

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.


Маңғыстау облысында жүргізуші оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.

9 мамыр күні Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол 14 жастағы қызын Daewoo Nexia көлігіндегі ер адам жеткізіп тастағанын айтты. Оның айтуынша, түнгі сағат үштер шамасында Басқұдық ауылының маңында 29 жастағы жүргізуші 8-сынып оқушысын зорлаған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі "кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.