Маңғыстау облысындағы кен орнында ереуілге шыққандардың талабы орындалатын болды

0
942

Қарақұдық және Солтүстік Бозашы кен орындарының 100-ге жуық жұмысшысы жалақыларын 100% көтермейінше жұмыс шықпайтындарын айтқан.


Маңғыстау облысындағы кен орнында ереуілге шыққандардың талабы орындалатын болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының әкімдігі Қарақұдық және Солтүстік Бұзашы кен орындарындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

"Биыл 23 қыркүйекте "Синопэк Қазақстан" кәсіпорны ақтаулық филиалының 100-ге жуық қызметкері сағат 17:00 шамасында Қарақұдық және Солтүстік Бұзашы кен орындарында жұмысты тоқтатып, жалақыны 100 пайызға өсіруді талап етті", - делінген ведомство хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, жұмыс беруші мен еңбек ұжымының бастамашыл тобының келіссөздері 24 қыркүйекте күні бойы жалғасқан.

"Келіссөз нәтижесі бойынша, сағат 20:00-де барлық қызметкер жұмысқа шықты. Тараптар келесі шешімге келді: жалақы мөлшерін "М-Техсервис" ЖШС Маңғыстау филиалының жалақысымен бір деңгейге келтіру (компания Солтүстік Бұзашы кен орнындағы осындай жұмыс түрімен айналысады)", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.