Маңғыстау облысының тұрғыны жаңадан туған сәбиін несие төлеу үшін сатып жіберген

0
840

Сатып алған адам сәбиін сатқан адамның 907 мың теңге көлеміндегі екі несиесін төлеп беруі керек болған.


Маңғыстау облысының тұрғыны жаңадан туған сәбиін несие төлеу үшін сатып жіберген

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында әйел адам жаңадан туған сәбиін несиесін қарызын төлеу үшін сатып жіберген, - деп жазады tengrinews.kz.

Ол өзінің баласын таныс емес келіншекке асырап алуы үшін берген. Ал ол "сатушының" 907 мың теңге көлеміндегі екі несиесін төлеп беруі керек болған, алайда оны өтемеген. Нәтижесінде сәбидің анасы баласын қайтарып алу үшін полицияға шағымданған.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі тарапқа ешқайда кетпеу туралы қолхат жазылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ маусымның ортасында "STOP трафик" жедел-профилактикалық шарасының аясында бүкіл Қазақстанда осы категория бойынша 50 қылмыс жасалған. Оның ішінде: кәмелетке толмағандарды саудалау, еңбекті пайдалану мақсатында эксплуатациялау, адам саудасы, жезөкшелікпен айналысуға тарту, жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау.