Маңғыстауда 7 ай бойы жанып жатқан ұңғыма сөндірілді

0
755

Кен орнындағы өрт 9 маусымда басталған.


Маңғыстауда 7 ай бойы жанып жатқан ұңғыма сөндірілді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында Оңтүстік Қаратұрын кен орнында шыққан өрт сөндірілді. Ұңғымалардың біріндегі өрт жеті айға жуық уақыт бойы сөнбеді, деп жазады tengrinews.kz.

Орталық мәліметінше, "Бузачи Нефть" ЖШС игерген Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрт 25 желтоқсанда сөндірілді.

Еске салайық, кен орнындағы өрт 9 маусымда басталған. Бұдан кейін бұрғылау құралын көтеру нәтижесінде газ-су қоспасы бөлініп, №303 ұңғымада ашық газ фонтаны пайда болғаны хабарланды.